17 мамыр 2022 | 23:02

Қаскелеңде көкпар ұйымдастырып, көлік қиратқандар кешірім сұрады

видео кадрлары

Өткен демалыс күндері Қаскелең маңынан қаланың орталық көшелеріне дейін көкпар тартып, жұрттың мазасын кетіргендер кешірім сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Өткен демалыс күндері Қаскелең маңынан қаланың орталық көшелеріне дейін көкпар тартып, жұрттың мазасын кетіргендер кешірім сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айта кетейік, көкпаршылар көлік жүретін жолдың үстіне шығып кетіп, бірнеше көлікті қиратқан еді. Оқиғаның видеосы Желіде жарияланған.

Реклама
Реклама

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, 66 жастағы жергілікті тұрғын жиенінің дүниеге келуін тойлап, көкпар берген. Ойынша 60 адам қатысқаны анықталды. Ұйымдастырушылар адам көп болуына байланысты тәртіпті сақтай алмағанын айтып отыр.

"15 мамырда көкпар бердік. Кешіріңіздер, өтінеміз. Қайталанбайды. Мұндай шығын болатынын, осыншама адам қатысатынын ойламадық", - дейді ұйымдастырушылардың бірі.

Алматы облыстық полиция мәліметінше, ұйымдастырушы мен үш қатысушы ұсталған. Қазіргі уақытта полиция қалған ойыншыларды іздестіріп жатыр. Оның ішінде көлікті қиратқан 34 жастағы қалалық та іздеуде екен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная