31 мамыр 2023 17:35

Қаскелеңде көшеде жүрген бір үйір жылқының видеосы пайда болды

Дина Шарипханова Корреспондент
видео кадры

Қаскелең көшелерінен бір үйір жылқы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қаскелең көшелерінен бір үйір жылқы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерде қала көшелерінен, үйлер және тұраққа қойылған көліктер арасынан өтіп бара жатқан жылқылардың видеосы пайда болды.

Алматы облысының полициясы бұл оқиға Қаскелең қаласында болғанын хабарлады. Көшелердің бірінен 200-ге жуық жылқы өткен. Бұл факт аудандық полицияда тіркелген. Іздестіру жұмыстары барысында Қарасай ауданы ПБ қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы, 1-бөлігі ("Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзу"), сондай-ақ ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы, 1-бөлігі ("Аумақтарды абаттандыру қағидаларын бұзу") бойынша үш азаматты анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, алдағы уақытта мұндай деректер қайталанбауы үшін тәртіп бұзушылармен түсіндірме әңгіме жүргізілген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram