Каспий теңізінде екі ер адамды ағыс алып кетті

Каспий Фото © Tengrinews.kz / Эльдар Нуруллин

Каспий жағалауында сапборд тебуге барған екі ер адамды ағыс алып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Каспий жағалауында сапборд тебуге барған екі ер адамды ағыс алып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Ақтаудың 4А шағынауданы маңында, жағалаудан шамамен 500 метр қашықта көмек сұраған ер адамдарды ТЖМ Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері байқаған. Екеуі де құтқару кеудешесін киген, бұл қайғылы салдардың алдын алуға көмектесті.

"Ер адамдар қайықпен жағаға жеткізілді. Олар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ", - деп хабарлады ТЖМ.

Жарнама
Жарнама

Ер адамдарды құтқару сәтінің видеосы тарады.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама