02 мамыр 2022 | 10:28

Каспий теңізінде жоғалған балықшылар тікұшақпен іздестіріліп жатыр

Фото: lada.kz/ ТЖД

Маңғыстау облысы ТЖД мәліметінше, 1994 және 1983 жылдары туған екі балықшы 30 сәуірде Ақшұқыр кенті маңында металл қайықпен теңізге шығып, осы уақытқа дейін оралмаған. Жоғалған адамдарды іздеумен құтқарушылар айналысып жатыр, - деп хабарлайды Lada.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ведомство жоғалған балықшыларды іздеуге 1 мамырда таңғы сағат 07.45-те кіріскенін хабарлады. 17 құтқарушы үш қайықпен жағалауды аралап жатыр.

Реклама
Реклама

"Іздеуге ҚР ӘТК 29011 әскери бөлімінің әскери қызметшілері, сондай-ақ еріктілер мен туыстарымен бірге "Орал" шағын күзет кемесі қосылды. Бұдан басқа, ҚР ТЖМ "Қазавиақұтқару" АҚ Ми-870 тікұшағы жұмылдырылды, оның бортында төрт қызметкер мен бір туысы бар", - деді Маңғыстау облысының ТЖД өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram