27 сәуір 2022 | 09:46

Каспийде итбалықтар жаппай қырылды

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Суретті Маңғыстау облысы Экология департаментінің баспасөз қызметі ұсынған

Каспий жағалауында табылған итбалықтардың өлекселері туралы хабарламадан кейін инспекторлар мен экологтар оқиға орнына барды. Олар тексеру үшін су мен топырақ сынамаларын алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Каспий жағалауында табылған итбалықтардың өлекселері туралы хабарламадан кейін инспекторлар мен экологтар оқиға орнына барды. Олар тексеру үшін су мен топырақ сынамаларын алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақтау тұрғыны мәлімдеген 50 өлексенің тек 22-сі табылған.

"Оқиға орнына Маңғыстау облысы Жайық-Каспий облысаралық бассейн балық шаруашылығы инспекциясы Балық инспекциясы басқармасының мемлекеттік инспекторлары жедел шықты. Бұл дерек облыстың құқық қорғау және табиғатты қорғау құрылымдарына, прокуратура, ветеринария органдары мен жергілікті атқарушы органдарға хабарланды.

26 сәуірде сағат 23.00-де бір-бірінен алыс орналасқан әртүрлі жерден 22 итбалық өлексесі табылды. Инспекция қызметкерлері оқиғаның себептерін анықтау үшін жануарлардың өлекселерін зертханада тексеруге болып-болмайтынын анықтайды, өйткені өлекселер ыдырап кеткен", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Маңғыстау облысы Балық инспекциясы басқармасының инспекторлары балық шаруашылығы субъектілерінің қорықшылық қызметімен бірлесіп, жануарлардың өлі табылу себептерін және басқа да деректерді анықтау мақсатында Каспий теңізі жағалауы мен басқа да учаскелерін тексереді.

"Зертханада зерттеу жүргізу үшін инспекция қызметкерлері су мен топырақ сынамаларын, сондай-ақ, итбалықтардың өлекселерін Маңғыстау облысының Экология департаменті мен ветеринарлық қызмет қызметкерлеріне беру үшін жедел түрде іріктеп алды. Олар 27 сәуірде жануарлардың өлген жеріне баруды жоспарлап отыр. Айта кетейік, шараға Маңғыстау облысы әкімдігінің балық шаруашылығы басқармасының өкілдері де қатысады", - деді комитет өкілі.

Сонымен қатар, бұл дерек туралы ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Микробиология және вирусология институты зертханасының қызметкерлері мен Батыс Қазақстан облысы "Гидробиология және экология институты" қызметкерлеріне айтылған.

Жағалауды бақылау жалғасып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная