Каспийдің таязданған жағалауына өлі балықтар жиналып қалған

Дина Шарипханова Корреспондент
Каспийдің таязданған жағалауына өлі балықтар жиналып қалған Фото: lada.kz

Каспий жағалауында жатқан мыңдаған балық өлексесін жергілікті тұрғын видеоға түсіріп алған. Ол бұл балықтар сатылуы мүмкін деп қорқады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Автор видео Қаламқас кен орны маңында Каспийдің таяз бөлігінде түсірілгенін айтты. Ол балықтар Каспий теңізінің күрт тайыздануы салдарынан өлген болуы мүмкін екенін айтады.

Желі қолданушылары жеңіл ақша таппақ болғандар жағдайды пайдалана ма деп қорқады.

Жарнама
Жарнама

"Миллиардтаған балық өлген, енді бұл балықтар базарларда пайда болады. Балықты жинап, мұздатып, адамдарға сата бастайды. Бұл қорқынышты", - дейді видео авторы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама