19 желтоқсан 2023 | 16:36

Қайрат Сатыбалдыұлының үкімді өзгерту туралы өтініші: сот шешім шығарды

Фото:gov.kz

Шығыс Қазақстан облысының соты Қайрат Сатыбалдының бас бостандығынан айыру жазасын бас бостандығын шектеуге ауыстыру туралы өтінішін қанағаттандырудан бас тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Өскемен №2 сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Шығыс Қазақстан облысының соты Қайрат Сатыбалдының бас бостандығынан айыру жазасын бас бостандығын шектеуге ауыстыру туралы өтінішін қанағаттандырудан бас тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Өскемен №2 сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сот Сатыбалдыұлының бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның өтелмеген бөлігін бас бостандығын шектеуге ауыстыру туралы өтінішхат бергенін хабарлады.

Сотталушы мен оның қорғаушысы Сатыбалдыұлының заң бойынша жазаның белгіленген бөлігін (үштен бірін) өтегенін, сотталғандардың ерікті ұйымының мүшесі екенін көрсетіп, өтінішті қолдағаны атап өтілді. Сот шығындары толығымен өтелді.

Реклама
Реклама

Жәбірленуші тараптың өкілдері жазаны ауыстыру мәселесін соттың қарауына қалдырды. Прокурор өтінішті қанағаттандырудан бас тартуды сұрады.

"Сот жазаны неғұрлым жеңіл жазамен ауыстыру туралы өтінішті шешу кезінде сотталушының түзелуін көрсете отырып, оның мінез-құлқындағы оң өзгерістерді бағалауы керек. Сот сипаттамалық деректерді талдай келе, сотталушының мінез-құлқы мінсіз емес деген қорытындыға келді, бұл алынған жаза және киім үлгісінің бұзылуымен дәлелденеді.

Бұл мән-жай сотталушының өзгеру жолына нық қадам басты деген қорытынды жасауға жеткіліксіз", - деді сот.

Осылайша, сот Сатыбалдыұлының бас бостандығынан айыру жазасын бас бостандығын шектеумен ауыстыруға әлі ерте деген қорытындыға келді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная