31 тамыз 2022 | 10:23

"Қазақмыс" кенішіндегі апаттан аман қалған жұмысшылардың жағдайы айтылды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: t.me/patriot_patriot

Қарағанды ​​облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі көмір кенішінде жол апатынан аман қалған "Қазақмыс" компаниясы жұмысшыларының жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қарағанды ​​облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі көмір кенішінде жол апатынан аман қалған "Қазақмыс" компаниясы жұмысшыларының жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"БелАЗ" жүк көлігі басып қалған көлікте барлығы бес адам болған. Екі адам, оның ішінде жүргізуші оқиға орнында қаза болды.

"Екеуі амбулаторлық ем қабылдап жатыр, жараланған. Біреуі ауруханада жатыр, аяғы сынған, сол жақ жамбасы шығып кеткен. Өміріне қауіп төніп тұрған жоқ", - деді ведомство өкілдері.

Реклама
Реклама

Еске салайық, 28 тамызда "Қазақмыс" көмір кенішінде жүк көлігі бес жұмысшы отырған көлікке соқтығысқаны хабарланған болатын. "Молодежный" разрезінде "БелАЗ" автокөлігінің жүргізушісі маневр жасау кезінде "УАЗ" автокөлігінің сол жақ бөлігіне соғылып, басып қалған. Екі адам оқиға орнында қаза болды.

Қазір оқиғаның себебін анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная