31 шілде 2024 | 14:39

Қазақстанда 153 миллион қарызы бар көлік жүргізушісі анықталды

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Түркістан облысының полициясы "Қорғау – қауіпті жүргізуші" бағдарламасының көмегімен 153 миллион теңге айыппұлын төлемей жүрген адамды анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Түркістан облысының полициясы "Қорғау – қауіпті жүргізуші" бағдарламасының көмегімен 153 миллион теңге айыппұлын төлемей жүрген адамды анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Түркістан полиция басқармасының патрульдік полиция қызметкерлеріне С.Қожанов көшесінің бойындағы 153 миллион теңге берешегі бар Ravon Nexia R3 автокөлігіне қатысты дабыл түскен. Жүргізуші 153 миллион теңгенің 700 мыңын жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін айыппұл ретінде арқалаған.

"Оның басым бөлігінде ақылы жол, жылдамдық арттыру, рұқсат етілмеген орынға көлік қою т.б құқық бұзушылықтар. Қалғаны банк пен алимент бойынша берешек екені расталды. Полицейлер автокөлік жүргізушісімен айыппұлдарды уақытылы төлеу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Көлік айыптұраққа қойылды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Фото: polisia.kz

Айта кетсек, соңғы айда Түркістан облысының полициясы "Қорғау" бағдарламасының көмегімен айыппұлын төлемеген 100-ге жуық жүргізушіні анықтап, көліктерді айыптұраққа қойған. Бұл бағыттағы жұмыс алдағы уақытта да жалғасын табады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная