Қазақстанда 35 миллион теңге тұратын контрабанда тәркіленді

viewings icon 173
comments icon 0
Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

35 миллион теңге тұратын контрабанда мемлекет пайдасына тәркіленді. Бұл туралы Бас прокуратура мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

35 миллион теңге тұратын контрабанда мемлекет пайдасына тәркіленді. Бұл туралы Бас прокуратура мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанада кеден бекеттерінің бірінен жалған кеден құжаттары бар жүк вагоны табылды. Құжатта көрсетілген граниттің орнына вагонда Қытайдан келген киімдер болған.

"Жалпы құны 35 миллион теңге болатын 30 тоннадан аса тауар мемлекет пайдасына тәркіленіп, әлеуметтік көмек алу үшін балалар мекемелеріне берілді", - деп жазылған хабарламада.

Реклама
Реклама

Алматы авиациялық көлік прокуратурасы тағы бір істі анықтады.

Әуежайдың уақытша сақтау қоймасында алты жылдан аса уақыт сақталған, 2018 жылы Делиден келген фильм жабдықтары болды. Тауардың салмағы - 7 тонна, құны 2 миллион теңгеден асады.

Прокуратураның өтініші бойынша жүк иесіз деп танылып, кейін Мәдениет министрлігіне берілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная