ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 21 желтоқсан 2023 16:28
"Қазақстанда әйелдерге бір жынысты некеге рұқсат беру жоспарланып отыр": Желіде "жаңалық" тарады
Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық деңгейін төмендету үшін әйелдер арасында бір жынысты некеге рұқсат беру жоспарланып отырғаны туралы "жаңалық" тарады, - деп хабарлайды Stopfake.kz.
"Бұл ақпараттың негізгі дереккөзі – qaznews24 Instagram аккаунты. Парақшаның профилінде оның ойдан шығарылған жаңалықтарды ғана жариялайтын "сатиралық ақпарат агенттігі" болып табылатыны және барлық атаулар мен оқиғалар ойдан шығарылғаны жазылған", - делінген хабарламада.
Демек, таралған ақпаратқа сенбеген жөн. Бұл фейк, деп жазды портал.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу