16 шілде 2024 10:25

Қазақстанда жыл басынан бері 9 мыңға жуық көлік айыппұл тұрағына алынған

Фото: depositphotos.com

ІІМ 6 айдың жұмысын қорытындылады. Бүгінде еліміз бойынша 1,3 миллион бейнебақылау камерасы жұмыс істейді, оның ішінде 291 мың камера полицияның жедел басқару орталықтарына және кезекші бөлімдеріне қосылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ІІМ 6 айдың жұмысын қорытындылады. Бүгінде еліміз бойынша 1,3 миллион бейнебақылау камерасы жұмыс істейді, оның ішінде 291 мың камера полицияның жедел басқару орталықтарына және кезекші бөлімдеріне қосылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Олардың көмегімен жыл басынан бері бес мыңнан астам қылмыс және 324 мың әкімшілік құқық бұзушылық анықталған. Автоматты тіркеу жүйелерімен 3,9 миллион жол жүрісі қағидаларын бұзу дерегі тіркелген.

ІІМ "Қорғау" бағдарламасы әзірленген. Ол полицияға жолда өрескел заң бұзатын жүргізушілерді анықтауға және олармен алдын алу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді. Мұндай бағдарлама барлық 20 аймақта қолданылатыны айтылды.

Реклама
Реклама

"Биыл "Қорғаудың" көмегімен 339 мыңнан астам көлік құралы тексеріліп, 20 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Тоғыз мыңға жуық автокөлік айыппұл тұрағына қамалды. Жалған нөмірлі 173 көлік анықталды", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, полиция жүргізушілер тәртібін нығайту бойынша шаралар қабылдады.

"Алты айда 12 мыңнан астам мас жүргізуші ұсталып, жүргізу құқығынан айырылды. Ведомство "SOS" батырмаларын орнату жұмыстарын жалғастырып жатыр. Бүгінде республика бойынша 284 құрылғы жұмыс істейді. Оларда да бейнебақылау камерасы бар. Бұл – алдын алу мен қауіпсіздіктің тиімді құралы. Жалпы мұндай түймелер қылмыс деңгейін төмендетуге және қала тұрғындары мен туристердің өмір сүру сапасын жақсартуға көмектеседі".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram