30 наурыз 2022 | 09:57

Қазақстанда күн бұзылды: жүздеген адам эвакуацияланды

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Қазақстанның жолдары мен елді мекендерінде 814 адам құтқарылды, оның ішінде 101 бала бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанның жолдары мен елді мекендерінде 814 адам құтқарылды, оның ішінде 101 бала бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Төтенше жағдайлар министрлігі 30 наурызда Шымкентті қоспағанда, басқа барлық аймақта дауыл болуы мүмкін екенін ескертті. Төтенше жағдайларды жою жөніндегі республикалық штаб құрылды, осындай штабтар Ақмола, Ақтөбе, Павлодар, Қостанай, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарында да жұмыс істейді.

Бір тәулік ішінде Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай облыстарында 814 адамды, оның ішінде 101 бала және 3 жүкті әйел құтқарылды және эвакуацияланды. Құтқару жұмыстарына ТЖМ,ІІМ, жергілікті атқарушы органдар мен жол қызметтерінен 539 адам және 277 техника жұмылдырылды.

Реклама
Реклама

Сурет: ТЖМ баспасөз қызметі

Жолдардың жабық учаскелерінде 40 жылыту пункті дайындалды. Жолды қардан тазарту жұмыстары жалғасып жатыр. Қазір Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында тасжолдардың 111 учаскесі жабылды. Оның ішінде 52 жолдың республикалық және 59 жолдың облыстық маңызы бар.

Сурет: ТЖМ баспасөз қызметі

Дауыл жарияланған облыстардағы блокбекеттерде 1434 техника, оның ішінде 482 жүк көлігі мен алты автобус бар.

Сурет: ТЖМ баспасөз қызметі  

ТЖМ мәліметінше, 29 наурызда дауыл салдарынан Нұр-Сұлтан, Алматы, Алматы облысында алты адам зардап шекті, оның ішінде үш бала бар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная