08 маусым 2020 10:49

Қазақстанда өткен демалыста сегіз адам суға батып кеткен

Иллюстрациялық фото: pixabay.com

6 және 7 маусымда Қазақстанда сегіз адам суға батқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

6 және 7 маусымда Қазақстанда сегіз адам суға батқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сегіз жағдайдың алтауы суға түсуге тыйым салынған орындарда болған. Қостанай облысында екі адам суға кеткен. Ал Ақмола облысында 6 маусымда су қоймасынан 32 жастағы ер адамның мәйіті табылған. 

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, Алматы облысында Өзбекстан азаматы мен 19 жастағы қазақстандық қаза тапқан. Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында да суға кету дерегі тіркелген. 

Сонымен қатар, өткен демалыста құтқарушылар су қоймаларынан 4 адамды құтқарған. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram