Қазақстанда “темекі мафиясының“ ұйымдастырушысы сотталды

Қазақстанда “темекі мафиясының“ ұйымдастырушысы сотталды видео кадры

Ақтауда ірі контрабанданың ұйымдастырушысы сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратура мәліметіне сілтеме жасап.

Ақтауда ірі контрабанданың ұйымдастырушысы сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратура мәліметіне сілтеме жасап.

Ақтау соты Қазақстан азаматын қылмыстық топ құрғаны және оған басшылық жасағаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айыруға үкім етті.

"2016-2018 жылдар аралығында адамдар тобы құрылыс материалдарын жеткіземіз деген желеумен Ираннан Қазақстанға кеден шекарасы арқылы құны 1 миллиард теңгеден асатын темекі мен табак тасымалдаған", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Қылмыстық топтың ұйымдастырушысы халықаралық іздеуде болып, Әзербайжан Республикасынан экстрадицияланды. Топтың қалған мүшелері бұған дейін әртүрлі жазалар үшін жауапқа тартылған болатын.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама