15 қараша 2021 | 10:00

Қазақстанда зейнетақы реформасын жасаған Дәулет Сембаев қайтыс болды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
wikimedia.org сайтынан алынған фото

Танымал қазақстандық қаржыгер, металлург және саясаткер Дәулет Сембаев 87 жасында қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ақпаратты ҚР Ұлттық банкі растады. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Танымал қазақстандық қаржыгер, металлург және саясаткер Дәулет Сембаев 87 жасында қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ақпаратты ҚР Ұлттық банкі растады. 

Дәулет Хамитұлы Сембаевтың бүгін түнде қайтыс болғаны хабарланды.

Сембаев Қазақстандағы 1998 жылғы зейнетақы реформасын жасаушылардың бірі ретінде танымал. Ол 1935 жылы 10 тамызда Алматыда мұғалім, кейін Қазақ КСР Халық Комиссары, оқу министрі Әбдіхамит Сембаевтың отбасында дүниеге келген. 1958 жылы Қазақ тау-кен металлургия институтын инженер-металлург мамандығы бойынша бітірген.

Реклама
Реклама

Осы жылдар ішінде премьер-министрдің орынбасары, 1993-1996 жылдары - Ұлттық банк төрағасы, Сенат депутаты болды. 2009 жылдың желтоқсан айынан бастап Халықаралық бизнес академиясының Қамқоршылық кеңесінің мүшесі.

Tengrinews.kz редакциясы Дәулет Хамитұлы Сембаевтың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram