26 ақпан 2024 16:11

Қазақстандық адам ұрлады деген күдікпен ұсталды

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Адам ұрлады деген күдікпен қазақстандық ұсталды. Ер адам үш ай бойы іздеуде жүрген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Адам ұрлады деген күдікпен қазақстандық ұсталды. Ер адам үш ай бойы іздеуде жүрген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қызылордада полицейлер халықаралық іздеуде жүрген ер адамды ұстады. Қызылорда облысы ПД баспасөз қызметі мәліметінше, күдікті үш айға жуық уақыт бойы тергеуден жасырынып жүрген.

"23 ақпанда криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында адам ұрлады деген айыппен облыс орталығының 50 жастағы тұрғынын ұстады. Қазіргі уақытта ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасып жатыр", - деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілдері.

Реклама
Реклама

Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жарияланбайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram