Қазақстандық әмиянынан картадан "ақша ұрлайтын" чип тауып алған

Қазақстандық әмиянынан картадан "ақша ұрлайтын" чип тауып алған © Видео кадры

Қазақстандық ер адам банк картасынан ақша ұрлайтын чип тауып алғаны туралы видео жариялады. Ол роликті мессенджерлер арқылы таратып, артынша видео әлеуметтік желілердегі топтарда пайда болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Қазақстандық ер адам банк картасынан ақша ұрлайтын чип тауып алғаны туралы видео жариялады. Ол роликті мессенджерлер арқылы таратып, артынша видео әлеуметтік желілердегі топтарда пайда болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Видеода ер адам базардан 3 мың теңгеге сатып алған әмиянын көрсеткен. Видео авторының сөзінше, әмиянның ішінде банк картасынан ақша ұрлайтын чип болған. Оның айтуынша, есептегі 2 мың теңге жоқ болып кеткен. Видео авторы қазақстандықтарды сақ болуға шақырды. 

Реклама
Реклама

Кибер шабуылдарды зерттеу және талдау орталығының директоры Арман Әбдірасылов ер адамның жорамалы шындыққа жанаспайтынын айтты. Оның айтуынша, әмияндағы чип "антиұрлық" және "антиұры" деп аталатын қорғаныш белгісі екен.

"Антиұры" - қауіпсіздік жүйесіне белгі беретін арнайы құрылғы. Мұндай белгілер сатып алушылар тауарды тегін алып кетпеуі үшін дүкендерде қойылады.

Ал ақшаның жоғалғанының мән-жайын анықтау керек. Себебі, видео авторы алаяқтардың тұзағына түскен болуы керек. Бірақ оған чиптің еш қатысы жоқ болып шықты.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама