Қазақстандық егістікті химикатпен өңдеу кезінде қайтыс болды

Қазақстандық егістікті химикатпен өңдеу кезінде қайтыс болды Иллюстрациялық фото: depositphotos.com

Солтүстік Қазақстан облысында егістікті химиялық өңдеу кезінде 46 жастағы жұмысшы көз жұмды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысында егістікті химиялық өңдеу кезінде 46 жастағы жұмысшы көз жұмды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қайғылы оқиға Тимирязев ауданының Ленин ауылдық округінде болған. Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның тұрғыны ЖШС-лердің бірінде жалданып жұмыс істеген. Егістікті гербицидпен өңдеу кезінде оның денсаулығы күрт нашарлап, ер адам естен танып қалған.

Әріптестері жедел жәрдем шақырып, уақыт жоғалтпау үшін зардап шегушіні дәрігерлерге қарай өздері алып шыққан. Алайда жедел жәрдем бригадасының фельдшеріне санитарлық-медициналық көмек келгенге дейін ер адамның өлімін тіркеуге тура келді. Алдын ала себебі ретінде анықталмаған пестицидтердің токсикалық әсері көрсетілді.

Жарнама
Жарнама

Tengrinews.kz тілшісіне СҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі жұмысшының өлімі дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

"Қазіргі уақытта қажетті тергеу іс-шараларының кешені жүргізіліп жатыр. Тергеу органдары істің барлық мән-жайын анықтап, зерттеп жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша заңды процессуалдық шешім қабылданады", - деді СҚО ПД баспасөз хатшысы Әдемау Меңдібаева.

Облыстық еңбек инспекциясы жазатайым оқиғаны тергеу бойынша арнайы комиссия құрылғанын, қазіргі уақытта жұмысшының өліміне қатысты мән-жайлар мен себептер анықталып жатқанын түсіндірді.

"Комиссия оқиғаның қалай және не себепті болғанын, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі шарттарын бұзуға кінәлі болуы мүмкін жауапты тұлғаларды анықтайды. Әзірге бұл нақты гербицидтен улану деп айта алмаймыз. Бірақ болжамдардың бірі бойынша, бұл жүректің тоқтауына себеп болған, ал нақты себебі сот-медициналық сараптама жүргізілгеннен кейін ғана белгілі болады", - деп атап өтті ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті облыстық департаментінің басшысы Мирас Сабағанов.

Анықтама: Гербицидтер - арамшөптерді жоюға арналған өсімдіктерді қорғаудың химиялық құралдары. Пестицидтердің бұл түрі ауыл шаруашылығында мәдени өсімдіктерден ылғал мен қоректік заттарды алатын арамшөптерден қорғау үшін кеңінен қолданылады. Гербицидтер – улы заттар, сондықтан қауіпсіздік техникасын қатаң сақтауды талап етеді.

Мамандардың айтуынша, ерітінді дайындау және бүрку кезінде жұмысшылар препараттың теріге, көзге және тыныс алу жолдарына тиюін болдырмау үшін жеке қорғаныс құралдарын пайдалануы тиіс. Жеңі ұзын және шалбары бар тығыз комбинезон киіп, респиратор мен қорғаныш герметикалық көзілдірік қолдану, биік резеңке етікпен және химиялық заттарға төзімді берік қолғаппен жұмыс істеу қажет.

Өңдеу жұмыстарын +25 градустан жоғары температурада және желді ауа райында жүргізу ұсынылмайды.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама