22 шілде 2020 | 15:09

Қазақстандық табытқа ірімшік жасырып шекарадан өтпек болған

© Reuters

Контрабандист Ресей мен Қазақстан шекарасынан тауар өткізудің ерекше жолын тапқан: ол ірімшікті табытқа жасырып өтпек болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Контрабандист Ресей мен Қазақстан шекарасынан тауар өткізудің ерекше жолын тапқан: ол ірімшікті табытқа жасырып өтпек болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шекара қызметкерлері контрабандалық жүкті 15 шілдеде анықтаған. Челябинсктен Қостанай облысындағы Федоровка ауына табытты апара бара жатқан көліктің ішінен жасырын жер анықталған. Ол жерде қазақстандық 550 келі "Косичка" ірімшігін тығып қойған. 

Реклама
Реклама

Ал 16 шілдеде тағы бір қазақстандық Қостанай облысына ыдыс жууға арналған құралдың қорабының артына 2,3 тонна шұжық жасырып өтпек болған. 

"Олардың ветеринарлық құжаты болмады. Одан бөлек, көлікте тез бүлінетін жүктерді тасымалдау үшін жағдай жасалмаған. Айта кетейік, ол күндері Челябинсктегі ауа температурасы 38 градус болған, сондықтан ірімшік пен шұжықты тоңазытқыш камерасыз көлікте тасу міндетті тәртіптің бұзылуын білдіріп қана қоймай, азық-түліктің тез бұзылуына әкеліп соғады", - делінген хабарламада. 

Контрабандистер РФ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 10.8-бабының 2-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная