18 наурыз 2024 10:08

Қазақстандықтар "жалған" мұқтаждарға қанша ақша берген?

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Түрлі күмәнді мақсаттарға ақша жинауға 138 банк картасы (краудфандингке) тартылған. Жалған көмек сұраушыларға 660 мыңнан аса қазақстандық өз ақшасын жолдаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түрлі күмәнді мақсаттарға ақша жинауға 138 банк картасы (краудфандингке) тартылған. Жалған көмек сұраушыларға 660 мыңнан аса қазақстандық өз ақшасын жолдаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы ҚМА алаңында Дмитрий Малаховтың төрағалығымен өткен Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың) алдын алу және терроризмді қаржыландыру мен жаппай қырып-жою қаруын тарату мәселелері жөніндегі ведомствоаралық кеңестің кезекті отырысы барысында белгілі болды.

"Жалпы жиналған қаржы сомасы 6 миллиард теңге болады, оның 33 пайызы (2 миллиард) алаяқтық белгілері бар. Әлеуметтік желілерде ұжымдық қаражат жинаудың қауіптері және оларды одан әрі мақсатсыз пайдалану анықталды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

ҚМА басшысы Малахов жосықсыз азаматтар "ем" және "жағдайы төмен адамдарға көмек көрсету" үшін қайырымдылық қызметі мен көмек көрсету түріндегі қаражат жинауды кедергісіз және бақылаусыз жүзеге асыратынын атап өтті.

"Олар ақшаны жылжымалы және жылжымайтын мүлікті сатып алуға, тұрмыстық шығындарға, букмекерлік кеңселерде бәс тігуге және шетелдегі қымбат пәтерлерді жалға алуға жұмсайды. Жанашыр азаматтардың жақсы ниеті, "жалған" мұқтаждар үшін оңай табысқа айналуы мүмкін".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram