ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 09 қазан 2024 09:51
Қазақстандықтар көрші елге 10 вагон мұнай өнімін шығармақ болған
ІІМ мұнай өнімдері ірі контрабандасының арнасын жойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Жедел іс-шаралардың нәтижесінде шекарадан шығаруға арналған 10-нан аса вагон-цистерна табылды. Іргелес мемлекеттің аумағына жөнелтілмек болған вагондарда құны 120 миллион теңгеден асатын 750 тоннадан астам мұнай өнімі болған. Олар тоқтатылып, тергеу жүргізу үшін тәркіленді.
"Мұнай өнімдерін тиісті рұқсат құжаттарынсыз тасымалдау дерегібойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел-тергеу іс-шараларының кешені жүргізіліп жатыр", – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басқарма бастығы Қуандық Алпыс.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу