ПОДЕЛИТЬСЯ
31 тамыз 2017 | 21:51
Қазақстанның батысында МИ-8 тікұшағы құлады
Қазақстанның батысында МИ-8 тікұшағы құлады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Бұл мәліметті ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитетіндегілер растады.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстанның батысында МИ-8 тікұшағы құлады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Бұл мәліметті ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитетіндегілер растады.
Ведомстводағылар бұл оқиғаның 31 тамызда Ақтөбе облысы Шалқар елді мекенінде болғанын хабарлады.
"Евразия-Эйр" компаниясына тиесілі МИ-8 тікұшағы құлады. Оқиға орнынан экипаждағы үш адам мен бір жолаушы Бозой станциясына жеткізілді. Қазіргі уақытта ҚР ИДМ Көлік оқиғалары мен оқыс оқиғаларды тексеру департаменті осы оқиға бойынша тергеу бастады", - деп хабарлады Азаматтық авиация комитетіндегілер.
Сондай-ақ, ведомство өкілдері төтенше жағдайдан ешкімнің зардап шекпегенін айтып өтті.
Показать комментарии
Читайте также