Қазақстанның екі өңірінде мектеп оқушылары қашықтан оқиды

Фото:depositphotos.com

Қазақстанның екі облысында екінші ауысымдағы оқушылар қашықтан оқуға ауыстырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанның екі облысында екінші ауысымдағы оқушылар қашықтан оқуға ауыстырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Павлодар облысы

Екібастұзда ауа райына байланысты екінші ауысымдағы 0-4-сынып оқушыларының сабақтары онлайнға көшірілді. Павлодар облысында 21 қаңтарда қар жауып, екпіні секундына 15-20 метрге жететін жел соғуына байланысты ескерту жасалды.

Реклама
Реклама

22 қаңтарда Павлодар облысының оңтүстігінде және шығысында қалың қар жауады, боран соғады, желдің екпіні секундына 23-28 метрге дейін жетеді.

Қостанай облысы

Ауа райының қолайсыздығына байланысты 21 қаңтарда Қостанай мектептерінде екінші ауысымдағы сабақтар қашықтан оқыту форматына көшірілді.

Қостанай облысында 21 қаңтарда қарлы боранға байланысты ауыл мектептері де қашықтан оқытуға көшті. Жітіқара ауданында 1-11-сынып оқушылары мектепке бармайды. Облыстың бұл аймағында жел күшейіп, қарлы боран соғады. Меңдіқара ауданы мен облыстың оңтүстік өңірлерінде де екінші ауысымдағы студенттердің сабақтары онлайн форматқа ауысты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама