ПОДЕЛИТЬСЯ
17 желтоқсан 2019 | 14:14
Қазақстанның Мысырдағы елшілігінің қызметкері өлі табылды
Қазақстанның Мысырдағы Елшілігінің қызметкері Еламан Жолдасов Каирде жұмбақ жағдайда қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстанның Мысырдағы Елшілігінің қызметкері Еламан Жолдасов Каирде жұмбақ жағдайда қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оның туысы Гүлнара Пернебекованың айтуынша, оқиға 13 желтоқсанда болған. Еламан Жолдасов өз үйінің кіреберісінде өлі табылған.
"Ол кіреберісте жатты. Біз оның қолдарының артына байланғанын естідік. Арқасы түгелдей кір, қан болды. Демек, оны жер бетінде сүйреген. Мойында жіп болды", - деді Пернебекова.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта өзін-өзі өлтіру нұсқасы қарастырылып жатыр екен, алайда туыстары бұған сенбейді.
Сондай-ақ, ол Жолдасовтың Египетте студенттік жылдардан бері өмір сүргенін, институтты бітіргенін айтты. Ол Қазақстан елшілігінде мәдени мәселелер жөніндегі маман болып жұмыс істеген. Оның артында екі баласы қалды, жұбайы жүктіліктің жетінші айында.
"Оның жұмысында ешқандай проблема болған жоқ. Бұл жақсы адам, ешқашан ішпеді, заңсыз ештеңемен айналыспады. Ғалым болған", - деді Пернебекова.
Қазіргі уақыттың марқұмның денесі Мысырда. Tengrinews.kz редакциясы ҚР СІМ-ге сауалхат жолдады.
Показать комментарии
Читайте также