04 қараша 2021 12:33

"ҚазАвтоЖол" өкілдері Алматы маңындағы кептеліс туралы пікір білдірді

Дина Шарипханова Корреспондент

4 қарашаға қараған түні Алматы облысындағы республикалық маңызы бар жолдарда көлік кептелісі пайда болды. Жүргізушілер көктайғақ пен қардан тазартылмаған жолдарға шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

4 қарашаға қараған түні Алматы облысындағы республикалық маңызы бар жолдарда көлік кептелісі пайда болды. Жүргізушілер көктайғақ пен қардан тазартылмаған жолдарға шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерде 4 қарашаға қараған түні Алматы-Бішкек тасжолында ұзын сонар кептеліс пайда болғаны туралы ақпарат тарады. Куәгерлердің айтуынша, көлік қозғалысы көктайғаққа байланысты баяулаған.

Реклама
Реклама

Алтын Орда бағытында да дәл осындай жағдай.

Келесі видеода ер адам жолға шығып, Талдықорған-Алматы тасжолында қалай сырғанап жүргенін көруге болады.

4 қарашада таңертең жүргізушілер Қапшағай-Алматы тасжолында түсірілген видеоларды жариялай бастады.

"Тасжолдағы жағдай қорқынышты. 4 қарашада сағат 8.00-дегі жағдай бойынша жолда қар үйінділері жатыр. Жол тазартылмаған, оның орнына кесек-кесек құм төгілген. Бұл көлікті бүлдіреді. Жол полициясы кесек тастар сындырған көлік терезелері үшін айыппұл салады", - делінген әлеуметтік желідегі жазбада.

"ҚазАвтоЖол" АҚ Алматы-Бішкек тасжолының 15-тен 21 шақырымға дейінгі бөлігінде күрделі жөндеу және қайта құру жұмыстары жүріп жатқанын түсіндірді. 21 шақырымнан 63 шақырымға дейін орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жол белгілері қойылған, қысқы жөндеу жұмыстарына қажетті барлық жол белгілері орнатылған.

"4 қарашаға қараған түні жаңбырдан кейін 10 градусқа дейін күн күрт салқындап, қатты қар жауды. Жолдың жүру бөлігін тазалау және құм себу үшін мердігер ұйымдардың жол техникасы шықты. 21 шақырымда ҮААЖ (Үлкен Алматы айналма жолы) автомобиль жолының құрылысы жүріп жатыр, онда Оңтүстік (таулы) жағынан айналма жол ұйымдастырылған.

Нәтижесінде, осы учаскеден өту үшін көлік құралдары баяулайды және сағатына 10-15 шақырымнан аспайтын жылдамдықпен жүреді. Мұндай жағдайлар құрғақ ауа райында да байқалады. Алматы-Бішкек автожолындағы кептеліс автокөлік құралдарының баяу қозғалысы және бағдаршам нысанын айналып өткеннен кейін пайда болады. Учаскеде 4 техника және "Ремдорстрой" ЖШС, "Жол" ЖШС және ҮАААЖ мердігерлік ұйымдарының 2 тиегіші жұмыс істеді", - деді "ҚазАвтоЖол" өкілдері.

Сондай-ақ, ұйым "Қазақавтодор" ЖШС-ға қарасты ДЭУ-15 жасағының күшімен Алматы-Қапшағай тасжолындағы көктайғақ бір сағаттың ішінде жойылғанын айтты. 

Алматының қар жауғаннан кейінгі жағдайы қандай?

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram