12 шілде 2022 11:02

"Қазфосфат" зауытындағы төтенше жағдай себептері айтылды

© instagram/kris.p.taraz

Таразда "Қазфосфат" ЖШС минералды тыңайтқыштар зауытында ТЖ болды. Бұл туралы қала әкімдігі сайтында жарияланған шұғыл ақпаратта айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Таразда "Қазфосфат" ЖШС минералды тыңайтқыштар зауытында ТЖ болды. Бұл туралы қала әкімдігі сайтында жарияланған шұғыл ақпаратта айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Алдын ала жүргізілген сараптамалар нәтижесі бойынша фтор қосылысы шамалы көбейгені байқалады. Қазіргі уақытта қала мен минералды тыңайтқыштар зауытының санитарлық шекарасында азот сияқты басқа заттардың артық мөлшері анықталған жоқ.

Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша экологтар, ТЖД мамандары және басқа да жауапты тұлғалардан жұмыс тобы құрылды. Топты Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Рүстем Дәулет басқарады. Қазір басқа аумақтарда өлшеу жұмыстары жалғасып жатыр. Тұрғындардан сабыр сақтауды және тек ресми ақпаратқа сенуді сұраймыз", - делінген хабарламада.

Кейін әкімдік өкілдері Жамбыл облысы бойынша Экология департаменті өлшем жасап, "аммиак пен күкірт сутегі бойынша ШРК-дан аспағаны, ал фтор қосылыстары шамалы артқанын" айтты.

Реклама
Реклама

"Өлшем Жамбыл ауданы Шайқорық ауылында да жүргізілді. ШРК-дан асып кету анықталған жоқ. Сәтбаев көшесінде орналасқан "Қазгидромет" автоматтандырылған станциясы мәліметінше, зиянды заттармен жоғары ластану анықталған жоқ", - делінген хабарламада.

Әкімдік өкілдері "Тараз қаласы тұрғындары денсаулығына ешнәрсе қауіп төндірмейтінін" және "қазіргі уақытта түтін сейілгенін" айтты.

Кейін "Қазфосфат" компаниясы да Тараздағы оқиғаның себебін түсіндірді. Ұйым мәліметінше, минералды тыңайтқыштар шығаратын зауытта газ бөлінген. Кейін түтін қалаға тараған. Газдың шығуы қала тұрғындарына қауіп төндірмейтіні айтылды.

"11.07.2022 жылы сағат 20.00 шамасында "Қазфосфат" ЖШС "Минералды тыңайтқыштар" Тараз филиалының күкірт қышқылы цехында абсорбердің моногидратты сорғысы (тазартудың екінші сатысы) істен шығып, соның салдарынан түтін газ шықты. Сағат 20.15-те осы цехтың жұмысшылары зауыттың диспетчерлік пункті мен цех басшылығына хабарлап, цех жұмысын шұғыл тоқтатты.

Компания басшылығы санитарлық-қорғау аймағының шекарасында, жақын маңдағы қала көшелерінде және шығарындылардың негізгі көздерінде атмосфералық ауаны өлшеу жұмыстарын ұйымдастырды. Талдаулардың нәтижелері бойынша атмосфералық ауадағы ластаушы заттардың шекті рұқсат етілген концентрациясынан асып кетуі анықталған жоқ", - деді "Қазфосфат" өкілдері.

Жамбыл облысы бойынша Экология департаментінің зертханасымен бірлескен іріктеу жұмыстары жүргізілгені айтылды.

"Олардың нәтижесі бойынша көміртегі оксиді, азот оксиді, аммиак, фторлы сутегі сияқты зиян заттардың құрамы бойынша негізгі көздерден рұқсат етілген шығарындылар шегінде табылды. Сонымен қатар, нақты уақыт режиміндегі автоматтандырылған бақылау жүйесінің көрсеткіштері бойынша негізгі шығарындылар көзінде (БГС бөлімі) фторид сутегінің артық мөлшері тіркелмеген.

Атмосфералық ауада шекті жол берілетін концентрациядан аспайтын анықталған ластаушы заттар халықтың денсаулығына және қоршаған ортаға әсер етпейді. Газдың қысқа мерзімді шығарылуы Тараздағы экологиялық жағдайға әсер еткен жоқ", - деп қосты компания өкілдері.

Сондай-ақ, "Қазфосфат" АҚ бас директоры Нұрланов күкірт қышқылы цехында туындаған ақауларды жою, сондай-ақ алдағы уақытта мұндай жағдайларды болдырмау үшін қажетті шараларды қабылдау жөнінде тапсырмалар берген.

"Қазіргі уақытта минералды тыңайтқыштар зауыты штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Барлық шығарынды көздері үздіксіз бақылауда. Тараз қаласының экологиялық жағдайы тұрақты", - деп қорытындылады компания өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram