11 қараша 2014 11:10

"Қазмырыш" ЖШС бөлімшесінің басшысы төрт күннен бері іздестіріліп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

©yk.kz ©yk.kz

Шығыс Қазақстан облысында "Қазмырыш" ЖШС Риддер тау-кен байыту кешенінің директоры Юрий Ситников пен Тишин кенішінің үңгушісі Сергей Рогозин төрт күннен бері іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды YK.kz


Шығыс Қазақстан облысында "Қазмырыш" ЖШС Риддер тау-кен байыту кешенінің директоры Юрий Ситников пен Тишин кенішінің үңгушісі Сергей Рогозин төрт күннен бері іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды YK.kz

Ер адамдар 6 қараша күні Күршім ауданында Зайсаннан балық аулауға шыққан кезде жоғалып кеткен. Олардың жоғалып кеткенін Риддер-Сокол кенішінің бастығы Алексей Котов хабарлады. Жоғалып кеткендерді іздестіруге Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің 32 қызметкері мен 5 техникасы және ҚР ІІМ ТЖК "Шығыс өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасақтары" мекемесінің алты қызметкері мен бір машинасы, жергілікті 20 тұрғын мен "Шығыс Қазақстан облысы әуе бөлімшесі" кәсіпорнының Ми-8 тікұшағы қатысып жатыр. 

10 қараша күнгі 18.00-тегі мәліметке қарағанда, Ертіс өзені бойында 40 шақырымдай қашықтықта жерүсті іздеу жұмыстары жүргізілді. Судан құтқару қызметі де өзеннің Зайсанға дейінгі 15 шақырымын шолып шықты. Ми-8 тікұшағы Қара Ертіс өзені сағасының 25 шақырымдық радиусын тексерді.

Риддер тау-кен байыту кешені - "Қазмырыш" ЖШС бөлімшелерінің бірі. Компания - республикадағы түсті металл өндіретін ірі өндіруші. Өнеркәсіптің негізгі кәсіпорындары Шығыс Қазақстан облысында орналасқан. Компания 1997 жылы Шығыс Қазақстандағы түсті металл өндіретін үш негізгі өндіруші - Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты, Лениногор түсті металл комбинаты және Зырян қорғасын комбинаты активтерінің қосылуы негізінде құрылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети