16 маусым 2023 | 17:53

Қазнетте жантүршігерлік апаттың видеосы тарады

видео кадры

Әлеуметтік желіде Қазақстанда болды делінген жантүршігерлік апаттың видеосы тарап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Әлеуметтік желіде Қазақстанда болды делінген жантүршігерлік апаттың видеосы тарап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстандық әлеуметтік желі қолданушылары бір-біріне жантүршігерлік апаттың видеосын таратып жатыр. Видеода жерде жараланған адамдар жатқаны, мыжылған көліктер мен қаза тапқандардың денесі көрінеді.

Реклама
Реклама

Шын мәнісінде қайғылы оқиға Қазақстанда емес, көршілес Қырғызстанда болған. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары 6 маусымда Бішкек-Ош тасжолында екі көлік соқтығысып, олардың бірі қарсы жолаққа шығып кеткенін хабарлады. Соқтығыс салдарынан төрт адам оқиға орнында, тағы екеуі ауруханаға бара жатқан жолда қаза болған.

Денсаулық сақтау министрлігі мәліметінше, сегіз адам Жайыл аумақтық ауруханасына жеткізілген. Екі көлікте 14 адам болған, оның ішінде төртеуі 10 жасқа дейінгі балалар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная