ПОДЕЛИТЬСЯ
28 желтоқсан 2023 | 17:27
Қазнетте жедел жәрдем көлігі түсірілген видео қызу талқылап жатыр
Желіде жедел жәрдем көлігі түсірілген видео қызу талқыланып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жедел жәрдем тар көшеде қарсы келген көлікке бола өте алмай қалғаны көрінеді.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Желіде жедел жәрдем көлігі түсірілген видео қызу талқыланып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жедел жәрдем тар көшеде қарсы келген көлікке бола өте алмай қалғаны көрінеді.
Кадрларға қарағанда, видео Алматыда түсірілген.
"Мұндай адамдар, арнайы қызмет көлігін (бұл жағдайда жедел жәрдем көлігі) өткізбесе жедел медициналық және дәрігер көмегін қажет еткен адамдар зардап шегуі мүмкін екенін қашан түсінеді. Ауыр жағдайдағы адам үшін кез келген кідіріс қайғылы аяқталуы мүмкін. Адамгершілік таныта біліңіздер", — делінген видео сипаттамасында.
Жедел жәрдем мен көлік жүргізушілері арасындағы дау қалай аяқталғаны айтылмайды. Пікір білдіргендер жүргізушіге айппұл салу керек деп, оның әрекеті дұрыс емес екенін айтқан. Ал кейбіреулер жеңіл көлік жүргізушісінде басқа амал болмағанын айтады.
Алматы Полиция департаменті бұл деректі тексеріп жатыр.
"Алматы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасы қызметкерлері бұл факт бойынша тергеуді бастады. Аталған көлікке қатысты міндетті түрде әкімшілік шара қолданылады", - деп хабарлады Полиция департаменті.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также