Қазнетте референдумдағы полицейдің видеосы талқыланып жатыр

Дина Шарипханова Корреспондент
Видео кадры

Қазнетте референдумға келген полиция қызметкерінің видеосы талқыланып жатыр. Полицейдің қызметтік құжатында майор екені жазылған, алайда ол капитан пагонын тағып алған, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".

Қазнетте референдумға келген полиция қызметкерінің видеосы талқыланып жатыр. Полицейдің қызметтік құжатында майор екені жазылған, алайда ол капитан пагонын тағып алған, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".

5 маусымдағы референдум кезінде Бөрлі ауданындағы сайлау учаскелерінің бірінде қызық оқиға болған. Оқиға видеосы Beknur Srazhanov You Tube-арнасында жарияланды.

Қызметтік міндетін атқару кезінде полиция қызметкерінен құжаттары сұралған. Бірақ куәлік пен погондағы шен сәйкес келмеген. Құжаттар бойынша тәртіп сақшысы - майор, ал погонына қарағанда капитан. 

Реклама
Реклама

БҚО ПД баспасөз қызметі мәліметінше, оған 30 мамырда полиция майоры шені берілген, ал қызметтік куәлік БҚО Полиция департаментінде жасалып, 5 маусымда таңертең сайлау учаскесінде табысталған екен.

Полицей 4 маусымда сағат 23:00-де қызметке кіріскендіктен погонын ауыстыруға мүмкіндігі болмаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама