ПОДЕЛИТЬСЯ
06 наурыз 2018 | 13:47
ҚазҰУ-да екі адам кірген лифт істен шықты: Оқиғаның мән-жайы
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің екі оқытушысы ректорат ғимаратында лифтте болған төтенше жағдайдан зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің екі оқытушысы ректорат ғимаратында лифтте болған төтенше жағдайдан зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл жағдай 5 наурызда шамамен сағат 17.20-да болған. Университеттегілердің айутынша, оқытушылар 15-қабатта тоқтаған лифтте тұрып қалған. Олар онда шамамен бір жарым сағат болған екен.
Зардап шеккен оқытушылардың бірінің анасының айтуынша, оқытушылар шамамен кеші сағат 17.00-де аяқталған жиналыстан шыққан.
"Олар лифтке 7-қабаттан кіріп, 1-қабатқа түспекші болған. Есік жабылғанда бірдеңе жұлынғандай болып, лифт жоғары жылдамдықпен ұшып түсе берді, барлығы шашылып, гүрсілдеді. Лифт тарсылдай бастады, сосын тағы да жоғары қарай көтеріліп, 15-қабатқа келіп тоқтады. Содан олар өзі жедел жәрдем мен лифтерді шақыртты. Бірінің басына шыны кіріп кеткен, ал қызым басын жарақаттап алды. Қазір ұйықтап жатыр, басы да айналып жатыр, шок алды", - дейді зардап шеккен қыздың анасы.
"Ауруханада рентгенге түсірдік. Дәрігерлер ауруханаға жатудың керегі жоқ екенін айтып, үйге жіберді. Университеттегілер техникалық ақау деп жатыр. Есік бұғатталып қалған", - дейді әйел.
ҚазҰУ қызметкерлері зардап шеккендерге сол кезде қажетті көмектің көрсетілгенін айтады.
"Қазір лифт жұмыс істеп тұрған жоқ. Біз бірден техникалық қызметкерлер мен жедел жәрдемді шақырдық. Лифт бұғатталып қалған. Кейін есігін аштық. (...) Осы уақыт бойы оқытушылардың жанынла болдық. Жағдайларын сұрадық. Жедел жәрдемді де шақырдық. Барлық қажетті көмекті көрсеттік. Құтқару қызметіне жүгінген жоқпыз. Қазір олар үйде", - деді университеттің баспасөз қызметінің өкілдері.
Университеттің баспасөз қызметінің мәліметінше, лифт жазда ғана техникалық тексерістен өткен.
"Лифт қай жылы орнатылғанын айта алмаймын. Қазір ол лифтті қолданып жатқан жоқпыз. Тексереміз", - деді университеттің баспасөз қызметі.
Показать комментарии
Читайте также