26 қыркүйек 2018 | 11:33

ҚазҰУ студентінің өлімі: Туысқандары оқиғаның мән-жайын айтып берді

Камила Долаева Журналист

ҚазҰУ студенті Нұрдос Айтбаев есірткі затын қолдану нәтижесінде қайтыс болған деген болжам бар, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап. Бұл туралы телеарнаға марқұмның туыстары хабарлаған. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

ҚазҰУ студенті Нұрдос Айтбаев есірткі затын қолдану нәтижесінде қайтыс болған деген болжам бар, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап. Бұл туралы телеарнаға марқұмның туыстары хабарлаған. 

Еске салайық, Алматыда 19 жастағы студент әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жатақханасында қайтыс болған. Дәрігерлердің алдын ала берген мәліметі бойынша, Нұрдос Айтбаев әсері күшті препараттан уланған. 

Реклама
Реклама

Туыстарының айтуынша, ол механика-математика факультетінің бірінші курс студенті болған және IT саласының жоғары дәрежелі маманы болуды армандаған. 26 қыркүйекте Нұрдостың отбасы онымен бірге студенттерге арналған кешке барғалы отырған. 

Марқұмның туысы Гүлнұр Ахметова оқиғадан бірнеше сағат бұрын Нұрдоспен кездескенін баяндады. Айтуынша, сол күні әпкесінің жанында келе жатқанда оған Арман есімді жігіт хабарласыпты. Лезде көңіл-күйі бұзылған ол іле-шала жатақханаға асыққан. Кешке оларға Нұрдостың жағдайы нашар деген хабар келген. Ал жанында Арман болған. 

"Ол синтетикалық есірткі сатып алғанын айтты... Білмеймін, оны қымбат темекінің бірі деді. Telegram арқылы 2700 теңгеге сатып алыпты, кейін Тастаққа барып, алып келген. Арман оны шақырған. Нұрдос жатақхананың бесінші қабатына көтерілгеннен кейін екеуі есірткі затын бір реттен қолданып, нәтижесінде халдері нашарлап кеткен. Ішкен-жегенін құса бастаған. Арман дәретханада лоқсып, ал Нұрдос әлсірегенін айтып, жатып қалған", - деді Гүлнұр Ахметова.

Марқұмның тағы бір туысы Серік Шайманов болса жігітке алғашқы көмек көрсетілмен дейді. Университет жатақханаларында кезекші дәрігер жұмыс істемейді-мыс. Жатақхана коменданты оқиғаны біле сала бірден дәрігер шақырып, ата-анасына хабарлаған. Білім беру мекемесі қызметкерлері мұндай оқиға бірінші рет болғанын атап өтті.

"Екеуі де бір курстың, механика-математика факультетінің студенттері. Бөлмеде екеуі болған. Біреуі кәмелет жасқа толмаған. Біз қазір оқиғаны жан-жақты зерттеу үшін барлық мүмкіндікті жасап жатырмыз", - деді әл-Фараби атындағы ҚазҰУ баспасөз қызметінің жетекшісі Дәурен Дүйсебаев.

Телеарна тілшілері кәмелетке толмаған 17 жастағы екінші студент Ақтөбе облысының тумасы екенін хабарлап отыр.

"Оқу ордасының қызметкерлері мәселенің мән-жайын толық білмейміз деп жалтарды. Ал, полицейлер аталған іс бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын айтады. Бірақ, сот-медициналық сараптамада Нұрдос Айтбаевтың белгісіз заттан уланғаны жазылған. Университет басшылығы қайғылы оқиғадан соң студенттер арасында қосымша түсіндіру жұмыстары күшейгенін айтады. Сондай-ақ, қолдан келгенше қайғыдан қан жұтқан отбасыға материалдық көмек көрсетеміз деп отыр. Ал, марқұмның денесі бүгін туған қаласы Екібастұзға жөнелтіліп, сонда жер қойнына тапсырылады", - дейді телеарна тілшілері. 

Дереккөз: КТК 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная