24 маусым 2019 | 11:21

"Кем дегенде үш жарылысты естідік". Арыс тұрғындары қаладан кетіп жатыр

Видео кадрынан

Түркістан облысы Арыс қаласының тұрғындары үйлерінен кетіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Түркістан облысы Арыс қаласының тұрғындары үйлерінен кетіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, халық отбасымен бірге кетіп жатыр. Қала жолдарында ұзын кептелістер пайда болды. 

Реклама
Реклама

"9:30 шамасында кем дегенде үш жарылыс естідік. Терезелер дірілдеп, тіпті, үйіміз де сілкінді. Отбасымыз болып үйден жүгіріп шығып, көлікке отырдық та, кетіп қалдық. Барлық затымыз, құжаттарымыз бен ақшамыз қалды. Қазығұртқа қарай бет алдық. Барлық адам ол жерден қашып жатыр, кейбірі көлікпен, ал кейбірі жаяу кетіп жатыр. Бірнеше шақырым алыстап кетсек те, Арыс жақтан қара түтін көрініп тұр. Түтіннің алып жатқан аумағы зор. Барлық тұрғын үйінен шығып, қашып жатыр, ұзын кептеліс пайда болды. Бізге көмек көрсететін шығар деген сенімдеміз", - деді Арыс қаласының 80 жастағы тұрғыны Нұрсұлу Ералиева. 

Арыс қаласында болған жағдайға байланысты Шымкент қаласы ТЖ департаментінде "Қауырт желісі" жұмыс істейді - тәулік бойы 8 (7252) 44-94-72.

Естеріңізге салсақ, бүгін Түркістан облысындағы Арыс қаласында әскери бөлімшенің территориясында жарылыс болған еді. Қала тұрғындары Желіде жарылыстың видеоларын таратып жатыр. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная