28 ақпан 2020 | 09:41

Кентау тұрғыны сұлулық салонынан кейін ауруханаға түсті

Кентау тұрғыны қабағына татуаж жасатқаннан кейін ауруханаға түсті, - деп хабарлайды "Евразия" бірінші арнасы

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Кентау тұрғыны қабағына татуаж жасатқаннан кейін ауруханаға түсті, - деп хабарлайды "Евразия" бірінші арнасы

Гүлшат Қаныбекова процедурадан кейін бірден өзін нашар сезіне бастаған. Кейін мастер клиентіне ауырсынуды басатын дәрі беріп, оларды бірнеше күн қолдануға кеңес берген. Бірақ дәрі-дәрмектер жағдайды ушықтырып жіберген. Әйел Шымкент ауруханасынан бірақ шықты, алайда дәрігерлер көмектесе алмады. Кейін ол Алматыға келді.

Реклама
Реклама

"Шымкент ауруханасына барған кезімде, көзім 100 пайызға көрмеген. Салон иесі келді де 70 мың теңге беріп, қолхат жазғызып алды. Оларға көзім 70-80 пайызға көргенше маған көмектессін дедім. Олар жауап қайтарды. Кеше салон иесі қайта келіп дауыс көтерді. 100 мың теңге алып келемін, тезірек қолхат жазып, бізден басқа ештеңе сұрама, деп бұйырды", - дейді Гүлшат Қаныбекова.

Қазір әйелдің жағдайы жақсарып келеді, ол дәрігерлердің қадағалауында. Зардап шеккен әйел сұлулық салонының үстінен арыз жазғалы жатыр. Оның айтуынша, татуаж жасаған адам әлі де жұмыс істеп жүр.

Офтальмологтардың айтуынша, мұндай күйікпен қазақстандықтар әр үш ай сайын ауруханаға түседі. Мұндай процедуралардан кейін емделушілер мүлде көрмей қалған жағдайлар болған екен.

"Осы жағдайда науқас қабақ татуажынан кейін күйік алған. Химиялық күйік - қауіпті, мұнда мәселе уақытта. Науқастың көзін қаншалықты сақтап қалуға болатыны осыған байланысты. Бізге кірпік ламинациясын жасатқаннан кейін пациенттер жиі келеді, көбінесе химиялық құрамға токсикоаллергиялық реакциялар байқалады", - дейді Қазақстан көз аурулары ғылыми-зерттеу институтының шынайна аурулары бойынша кеңесшісі Ботагөз Исергепова.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная