ПОДЕЛИТЬСЯ
02 желтоқсан 2021 | 09:57
Кентауда баспана кезегінде тұрған отбасыларға жылу кірмеген пәтер берілген
Түркістан облысы Кентау қаласында баспана кезегінде тұрған 600 отбасына жаңадан салынған 10 ғимараттан пәтер берілді. Бірақ үй жылыту жүйесіне қосылмаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Түркістан облысы Кентау қаласында баспана кезегінде тұрған 600 отбасына жаңадан салынған 10 ғимараттан пәтер берілді. Бірақ үй жылыту жүйесіне қосылмаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Жоба бойынша жаңа үйлер газбен жылуы керек, бірақ әзірге газ құбыры жоқ. Тұрғындардың бірі, көпбалалы ана Фарида Есентаеваға үш бөлмелі пәтер берілген. Бірақ жылу жүйесі жоқтығынан, отбасы бір бөлмеде тұрып жатыр. Пәтерді жылыту үшін бір ғана электр жылытқыш қолданылады.
"Алты адамға, үш бөлмеге бір жылытқыш берді. Ол үнемі қосулы. Электр есептегіш шыдамайды, қайта-қайта өшіп қала береді. Есептегіш жылдам айналады. Әрине, бәрін қараусыз қалдыруға қорқамыз", - деді Фарида Есентаева.
Тұрғындардың айтынша, үйлерге газ құбырын күздің басына дейін жүргіземіз деп уәде берілген, кейін жұмысты қарашаға қалдырған. Әлі күнге дейін жылу жоқ, тұрғындар қала басшылығына пәтерді жылыту мәселесімен жиі жүгінеді.
Кентау әкімдігі мәліметінше, газдандыру аяқталмайынша, пәтерлерді пайдалануға беру жоспарланбаған. Бірақ тұрғындардың өздері наразылық таныта бастаған. Қала әкімінің орынбасары Қуаныш Ысқақовтың айтуынша, олар баспананы үлестіруге мәжбүр болған.
Әкімдік өкілдері қала жақын арада газ құбырына қосылатынын айтты. Дегенмен, екі жыл бұрын тартылған орамішілік желілерді жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр. Кейбір құбырларды тонаушылар бұзып тастаса, енді бірі істен шыққан. Жыл аяғына дейін қаланы газбен қамтамасыз ету жоспарда бар.
Дереккөз: КТК
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также