ПОДЕЛИТЬСЯ
14 шілде 2019 | 14:14
Кентауда бір жасар бала терезеден құлап кетті
Кентауда бір жасар бала үшінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кетіп, мерт болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Кентауда бір жасар бала үшінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кетіп, мерт болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"13 шілдеде Түркістан облысындағы Кентау қаласының Сейфуллин көшесінің бойында орналасқан бес қабатты үйдің үшінші қабатында орналасқан пәтердің терезесінен қараусыз қалған 2018 жылғы нәресте құлап кетіп, мерт болды", - деді ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.
Құтқарушылар азаматтарға құлау жағдайларының көбіне ата-аналардың балаларды қараусыз қалдыруына байланысты болатынын және мұндай қайғылы оқиғалардың алдын алу үшін не істеу керектігін айтты:
Кішкентай балаларды жалғыз қалдырмаңыз;
Ешқашан москит торына сенім артпаңыз. Керісінше, москит торы қайғылы жағдайдың болуына себпші, өйткені бала өзін қауіпсіз сезінеді және терезеге де, оған да сүйенеді. Егер сіз балаға терезеден бірдеңе көрсетсеңіз, оны үнемі бекітіңіз, баланың шапшаң қимылдарына дайын болыңыз;
Терезелерді ашу кезінде баланың қауіпсіз жерде жүргеніне көз жеткізіңіз;
Балаларға үлкендерсіз балконға шығуға рұқсат бермеңіз;
Ұйықтап жатқан баланы пәтерде жалғыз қалдырмаңыз, себебі нәресте оянып, ашық терезеге жүгіруі мүмкін;
Барлық жиһазды, соның ішінде кереуеттерді, терезеден алшақ қойыңыз. Бұл баланың терезеге кездейсоқ түсуінің алдын алуға көмектеседі.
Показать комментарии
Читайте также