29 маусым 2023 | 08:40

Кентауда дәмханаға барған 58 адам уланып қалды

Дина Шарипханова Корреспондент
Иллюстрация: pixabay.com

Кентауда тез дайындалатын тағамдар дәмханасына барған 58 адам уланып қалды, оның 27-сі бала. Осы факт бойынша қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Кентауда тез дайындалатын тағамдар дәмханасына барған 58 адам уланып қалды, оның 27-сі бала. Осы факт бойынша қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарна мәліметінше, жұқпалы аурулар бөліміне 19 адам жатқызылған. Дәрігерлер олардың жағдайын орташа ауыр деп бағалап отыр. Мамандар зертханалық зерттеу үшін дәмханадан сынама алған.

Реклама
Реклама

"Науқастардың бәрі дене қызуының көтерілуі, құсу сияқты белгілерге шағымданды. Олар ауруын "Ризик Рауана" дәмханасында сатып алынған азық-түлік өнімдерін пайдаланумен байланыстырады. Бүгінде дәмхананың қызметі тоқтатылып, жоспардан тыс тексеру басталды. Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мамандары жұмылдырылды. Қылмыстық іс қозғалды. Қазір ауру ошағында эпидемияға қарсы шаралар жалғасып жатыр", - деді ҚР денсаулық сақтау вице-министрі, бас мемлекеттік санитария дәрігері Айжан Есмағамбетова.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная