Кентауда жиһаз цехы өртенді

Кентауда жиһаз цехы өртенді

Түркістан облысы Кентау қаласындағы жиһаз цехында өрт болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ ТЖК-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркістан облысы Кентау қаласындағы жиһаз цехында өрт болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ ТЖК-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқыс оқиға 16 маусым күні сағат 14.40-де Кентауға қарасты Шорнақ ауылдық округі Қосмезгіл елді мекенінде болған. Жеке аумақта орналасқан жиһаз цехының бірінші қабаты өртке оранған. Қызыл жалын жақын маңдағы 5 цехты да шарпыған. 

"Күшті жел мен аптап өртті сөндіруге кедергі келтірді. Синоптиктердің мәліметінше, сол күні желдің екпіні секундына 9-12 метр болған. Ал ауа температурасы 33 градусқа дейін көтерілген. Өрт кешкі сағат 21.08-де сөндірілді. Оқыс оқиғадан зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Өртті сөндіруге Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаментінің 138 маманы мен 34 техника жұмылды.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама