31 мамыр 2022 | 14:42

"Кинодағыдай". Алматы облысында ХХ ғасырдың элеваторы жарылды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Видеодан алынған кадр

Алматы облысы Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылында жергілікті тұрғындардың шағымынан кейін тозығы жеткен ғимаратта ерекше жарылыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысы Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылында жергілікті тұрғындардың шағымынан кейін тозығы жеткен ғимаратта ерекше жарылыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде ғимараттың жарылғаны түсірілген видео тарады. Кадрда нысанның арнайы жарылыстардан кейін қалай құлағаны көрсетілген. Оқиға орнында зардап шеккендер жоқ, жұмысты мамандар жүргізген.

Тұрғындар элеватор балалар үшін қауіпті болғанын, себебі жергілікті балалар қараусыз қалған нысанда ойнағанды ​​ұнататынын айтады.

Реклама
Реклама

"Кинодағыдай жарылды. Элеватордың жарылғаны жақсы болды. Себебі балалар үшін қорқатынбыз. Ғимарат ескі болғандықтан құлайын деп тұрған еді. Енді орнына ауылға қажет нысан салып береді деп сенемін", - дейді жергілікті тұрғын Гүлім Айтбекова.

Нысандағы алғашқы жарылыс былтыр тамызда болған. Жергілікті басшылық қираған ғимарат орнына ауылға қажет әлеуметтік нысан салынатынын айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная