ПОДЕЛИТЬСЯ
15 наурыз 2022 | 10:59
ҚМА: Болат Назарбаев пен Қайрат Шәріпбаевқа қарасты майнинг фермасы қызметін тоқтатты
Қазақстанда 55 майнинг фермасы өз еркімен жұмысын тоқтатты. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстанда 55 майнинг фермасы өз еркімен жұмысын тоқтатты. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ведоство мәліметінше, олар жұмысты толығымен тоқтатқан, жабдықтар бөлшектеніп, шығарылған. Қазір мемлекеттік органдар бұл құрал-жабдықтарды қайта қолданбау шараларын қабылдап жатыр.
"Өз қызметін тоқтатқан майнинг компаниялары арасында Павлодар облысындағы Болат Назарбаев және Александр Клебановқа, Ақтөбе облысындағы QazaqGaz ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Қайрат Шәріпбаев және Қарағанды облысындағы белгілі кәсіпкерлердің бірі Ерлан Нығматулинге қарасты фермалар бар", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, ҚМА мәліметінде тағы 51 майнинг фермасының заңсыз жұмыс істеп жатқаны айтылған.
"Олар жұмысы басталғаны туралы уәкілетті органға хабарламаған немесе техникалық шарттарсыз электр энергиясына заңсыз қосылған, арнайы экономикалық аймақ аумағына негізсіз орналастырылған, сондай-ақ салықтар мен кедендік төлемдерді төлеуден жалтарған. Бүгінде бәрі электрмен жабдықтау көздерінен ажыратылған", - деп қосты ведомство өкілдері.
Ведомство мәліметінше, майнинг жабдықтары Қытай, Оңтүстік Корея, Сингапур, Түркия және Грузиядан әкелінген. Олардың арасында контрабандалық жолмен әкелінгені де болған.
"Осы деректердің бірі Алматы қаласында анықталған, онда Қытайдан 2,8 миллиард теңгеден асатын қаржыға мыңнан астам техника әкелінген. Жалпы, Қаржы мониторингі агенттігі 25 қылмыстық іс тіркеп, 67 мыңнан астам техника тәркіленді. Құны - шамамен 100 миллиард теңге", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также