ПОДЕЛИТЬСЯ
01 наурыз 2024 | 12:41
ҚМА күдіктіге халықаралық іздеу жариялады: 59 адам зардап шеккен
Қызылорда мен Қызылорда облысының аумағында Qnet қаржы пирамидасын құру және басқару дерегі бойынша күдіктіге іздеу жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМА мәліметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қызылорда мен Қызылорда облысының аумағында Qnet қаржы пирамидасын құру және басқару дерегі бойынша күдіктіге іздеу жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМА мәліметіне сілтеме жасап.
"Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті 2019-2022 жылдары Қызылорда мен Қызылорда облысының аумағында Qnet қаржы пирамидасын құру және басқару дерегі бойынша Қазақстан Республикасының азаматы 11.10.1990 жылы туған Жұбанаев Алмас Оразалыұлына іздеу жариялады", - делінген хабарламада.
Бұлтартпау шарасы "Қамауда ұстау", іздеу түрі – "Халықаралық".
"Жұбанаев Алмас Оразалыұлы заңсыз қызметін жүзеге асыру барысында Instagram әлеуметтік желісін пайдалану арқылы Алматы, Шымкент және Қызылорда қалаларынан адамдарды тартып, тренингтер және үгіт-насихат жұмыстарын жүргізген".
Жәбірленушілердің жалпы саны - 59 адам, келтірілген залал сомасы 63 373 356 теңге болады.
"Егер сіз іздеуде жүрген адамның орналасқан жері туралы қандай да бір ақпаратты білсеңіз, төмендегі телефондар арқылы хабарлауыңызды сұраймыз: 8-775-125-55-54, 8-701-527-10-45", - делінген ҚМА мәліметінде.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также