ПОДЕЛИТЬСЯ
24 сәуір 2022 | 11:14
Көк-Жайлауда ауа райына байланысты ескертуді елемеген алматылық құтқарылды
Көк-Жайлауда ауа райына байланысты ескертуді елемеген алматылық құтқарылды. Ер адам шатыр тіккен, бірақ онда түней алмаған. Жабайы жануарлардың дауысын естігенде, жоғары көтерілуді шешкен, бірақ аяғын жарақаттап алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматының құтқарушылары зардап шеккен қала тұрғынын Көк-Жайлау шатқалынан тапқан.
Құтқарушылар тобы тоңып қалған 24 жастағы ер адамды 00.19-да 2850 метр биіктіктен тапқан. Турист аяғын жарақаттаған, құтқарушылар көмек көрсетіп, оны қалаға эвакуациялаған.
Туристтің айтуынша, бірнеше күнді тауда өткізіп, бағытын алдын-ала жоспарлағысы келген.
Ол Көк-Жайлау шатқалына күндіз көтеріліп, түнді тауда өткізгісі, ал келесі күні белгіленген бағыт бойынша көтерілгісі келген. Ол шатыр тіккен, бірақ онда түней алмаған. Жабайы жануарлардың дауысын естіген ер адам жоғары көтерілуге шешім қабылдап, аяғын жарақаттап алған.
Алматының құтқару қызметі алдағы күндері ауа райына байланысты жарияланған ескерту туралы еске салды. Тауларда қар мен бұршақ жауып, сондай-ақ, қатты жел тұруы мүмкін. Төтенше жағдайлардың алдын алу үшін құтқарушылар таулы жерлерге барудан бас тартуды ұсынды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также