"Көк Төбе" телемұнарасы маңында жасырылған қару-жарақ табылды

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Видеодан алынған кадр

Полиция қызметкерлері "Көк Төбе" телемұнарасы маңындағы бұталардан екі тегіс ұңғылы мылтық пен оқ-дәрілерді тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері "Көк Төбе" телемұнарасы маңындағы бұталардан екі тегіс ұңғылы мылтық пен оқ-дәрілерді тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Аумақты инспектор-кинолог қызметтік із кесуші ит көмегімен тексеріп шыққан.

"Олар бұталардан екі мылтық тапты. Табылған зат сараптамаға жіберілді. Олар жаппай тәртіпсіздік барысында ұрлануы және қылмыстық мақсатта пайдаланылуы мүмкін", - деп мәлімдеді Медеу аудандық Полиция басқармасының бастығы Дәурен Өтебаев.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, полиция қызметкері қару мен оқ-дәрілерді өз еркімен тапсырған азаматтардың тәртіпсіздіктерге қатысы анықталмаса, қылмыстық жауапкершіліктен босатылатынын айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама