04 қаңтар 2020 11:58

Көк-Төбедегі аттракциондардың бірінен 13 жастағы бала құлап кетті

Камила Долаева Журналист

Көк Төбедегі аттракциондардың бірінен жасөспірім құлап, жарақат алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көк Төбедегі аттракциондардың бірінен жасөспірім құлап, жарақат алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде "айырсадақ" аттракционында адам құлап, аяқ-қолы сынып ауруханаға жеткізілді-мыс деген хабар пайда болған.

Реклама
Реклама

Алматы полициясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 2 қаңтарда болған.

13 жастағы жасөспірім батуттан құлаған. Полиция мәліметіне сәйкес, бала абайсызда құлап кеткен, ата-анасы ешкімге кінә артып отырған жоқ. "Ол құлап, аяғын сындырып, басымен соғылды. Зардап шеккен адам ауруханаға жатқызылды", - деп хабарлады ПД баспасөз қызметіндегілер.

Алматы денсаулық сақтау басқармасы өкілдері жасөспірімді Алматыдағы Балалар шұғыл медициналық көмек орталығына жедел жәрдем жеткізгенін мәлімдеді. "Дәрігерлер қарады. Ол барлық қажетті медициналық көмекті толық көлемде алып жатыр. Баланың жағдайы тұрақты", - деп атап өтті басқармадағылар.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram