11 тамыз 2019 23:40

Көк-Төбедегі өртті сөндіруге тікұшақ жұмылды

Камила Долаева Журналист

Көк-Төбе маңындағы тау баурайындағы өртті сөндіруге тікұшақ тартылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көк-Төбе маңындағы тау баурайындағы өртті сөндіруге тікұшақ тартылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл ақпаратты ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов растады. Оның айтуынша, жердің күрделі бедеріне байланысты келген арнайы техника кейбір өрт учаскелеріне кіре алмайды.

Реклама
Реклама

"Өрттің ауқымы кең, сондықтан кейбір жерлерді тікұшақпен сөндіру туралы шешім қабылданды", - деп түсіндірді ол. Ведомствоның баспасөз қызметіндегілер өрт туралы хабар 11 тамызда сағат 14.28-де келгенін мәлімдеді.

Қазіргі уақытта барлығы 10 гектар жер өртенгені мәлім.

"Елді мекендерге қауіп жоқ, себебі аймақ бойынша жерді жырту жұмыстары жүргізілді. Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамынан 27 адам мен 6 өрт сөндіру техникасы, "Алматы Тазалық" кәсіпорынының 2 қызметкері мен 2 техникасы жұмылды", - делінген хабарламада.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram