Көкшетау тұрғыны полицияға екі мина алып келді

сурет Ақмола облыстық ІІД-нен

А?мола облысыны? т?р?ыны полиция?а т?р?ындарды? ?аруын а?ша?а айырбастау акциясы аясында екі мина алып келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Ақмола облысының тұрғыны полицияға тұрғындардың қаруын ақшаға айырбастау акциясы аясында екі мина алып келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

42 жастағы ер адам полицияға танкіге қарсы ТМ-57 минасын және ОЗМ-72 маркалы минаны алып келді. Ер адам бұл жарылғыш заттарды қала сыртындағы ауылдардың бірінен темір-терсек жинап жүріп тапқанын айтқан. Облыс аймағында акция жүріп жатқанын естіп, минаны полицияға алып келген. 

 
© Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметі

Реклама
Реклама

Полиция қызметкерлері миналарды сараптамаға жіберді. 

"Сараптама қорытындысы бойынша егер жарылғыш заттар жарамды деп табылса ер адам белгіленген ереже бойынша, ақшалай өтемақы алады", - деді Ақмола облыстық ІІД-нің өкілдері. 

Ақмола облыстық полициясы акцияның екі күнінде 96 қару қабылдаған. Оның 88-і тегіс ұңғылы қару, ал 8-і иір ойықты мылтық, иір ойықты мылтыққа 11599 оқ дәрі. Барлығы 5 миллионнан аса теңгеге алынған. Жалпы осы акцияға 14 миллион 466 мың теңге бөлінген. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама