Көкшетауда Ұлттық ұланның әскери қызметшісі өзін-өзі атып өлтірді

© Tengrinews.kz

Көкшетауда Ұлттық ұланның әскери қызметшісі өзін-өзі атып өлтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облыстық ауруханасына сілтеме жасап.

Төтенше жағдай 2015 жылдың 25 тамызында 10.20-да қылмыстық-атқару жүйесі басқармасының күзетінде болды. "... Қатардағы жауынгер Рахымжан Оразымбетов бекітілген қарудан өзін жарақаттады, ол дереу Ақмола облыстық ауруханасына жеткізілді", - деп хабарлады ҚР Ұлттық ұлан "Орталық" өңірлік қолдасшылығының баспасөз қызметінің өкілдері.

Ақмола облыстық аурухананың дәрігер-нейрохирургы Талғат Бекенов Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында сарбаздың емханаға өлі күйінде түскенін айтты.

Реклама
Реклама

"1996 жылғы ер адам 25 тамызда сағат 11.25-те басына оқ тиген күйі түсті, ол әскери формада болды. Дәрігерлер оған ем жасамақ болды, алайда 11.45-те қайтыс болды", - деді Бекенов.

 
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама