Көкшетауда жол апатынан ер адамның басының терісі сыдырылып қалған

Көкшетауда жол апатынан ер адамның басының терісі сыдырылып қалған

К?кшетауда Mercedes авток?лігімен бол?ан жол апатыны? салдарынан ер адамны? басыны? терісі сыдырылып ?алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі А?мола облысты? ІІД баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

Көкшетауда Mercedes автокөлігімен болған жол апатының салдарынан ер адамның басының терісі сыдырылып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомстводағылардың айтуынша, жүргізуші жол-көлік оқиғасы кезінде мас болмаған.

"Сағат 23.50-де Абылайхан даңғылында Мерседес автокөлігінің 1989 жылы туған жүргізушісі 1982 жылы туған жаяу жүргіншіні көлігімен қағып кетті. Зардап шегуші - Көкшетау тұрғыны, ол рұқсат етілмеген жерде жолдан өтпекші болған. Оқиға салдарынан жаяу жүргінші ауруханаға жеткізіліп, бас сүйек пен мидың жабық зақымы, бастың шаш өскен бөлігінде терінің сыдырылу жарақаты деген диагноз қойылды. Жүргізуші мас болмаған. ҚР ҚК 345-бабымен сотқа дейінгі өндіріс жұмыстары басталды", - деді баспасөз қызметіндегілер.

Жарнама
Жарнама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама