Көкшетауға жұмыс іздеп келген жігіт 12 жастағы қызды зорлаған

© esiskitim.ru

А?мола облысында полицейлер к?мелетке толма?ан ?ызды зорлады деген к?дікпен ер адамды ?стады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облысты? ІІД-ні? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап. 

Ақмола облысында полицейлер кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікпен ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Еске салайық, 4 тамызда Көкшетау қаласының Ішкі істер бөліміне әйел адам 2005 жылғы қызын белгісіз ер адамның зорлағаны туралы арыз жазған. 

"Күдіктіні анықтау мен ұстау мақсатында арнайы іздеу тобы құрылды. Бұл іс ІІД басшылығының бақылауында болды. Іздеу шаралары барысында қылмыс жасалған күні күдіктіні көрген куәгерлер табылды. Олар күдіктінің қолында жол сөмкесі болғанын айтқан. Осыған байланысты күдікті өзге қаладан келгені туралы болжам жасалды. Сондықтан барлық видеокамера тесеріліп, күдіктінің жүрген жолдары анықталды", - делінген хабарламада. 

Реклама
Реклама

Көкшетау қалалық ІІБ мен облыстық ІІД-нің қызметкерлері бірігіп, 21 тамызда Бурабай ауданының 24 жастағы тұрғынын ұстаған. Күдіктінің облыс орталығына жұмыс іздеп келгені анықталды. 

Қазіргі кезде ҚР ҚК-нің 120-бабының 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті өз кінәсін мойындады. Қазір ол уақытша ұстау абақтысында отыр. 

Ер адамның осы тектес өзге де істерге қатысы бары анықталып жатыр.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама